The medicine – is really the most noble of all arts. (Hippocrates)

There is the main medicine is the doctor in medicine. (Anthony Kempinsky)

Аңыз адам-ақиқат тұлға

2016 жылдың 24 ақпан күні Абайтануды ғылыми негіздеуші,әрі алғашқы текстологы, ақын, жазушы, драматург, аудармашы, Қазақ ССР-нің алғашқы Әнұранының авторы, қоғам қайраткері Қайым Мұхамедхановтың туғанына 100 жыл толуына орай Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетімен бірлесе отырып, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды облысы, Долинка кенті «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайы», Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті және Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік унивеситетінің қатысуымен «Қайым Мұхамедхановтың ғылыми мұрасы және қайраткерлік тұлғасы» атты «G-global» форматындағы ғылыми онлайн-семинар өтті.

Семинарда академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті филология факультетінің профессоры,доктор Ж.Қ. Смағулов және шығыс Қазақстан облыстық «Дидар» газетінің бас редакторы, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, Қ. Мұхамедханов туралы очерк,мақалалардың авторы У.Д.Тоқпаев құрметті қонақ ретінде қатысты.Долинка кенті саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған қысқа метражды фильм және Қайым Мухамедханов туралы тарихи мәліметтер дайындап ұсынды.

Біздің колледжіміздің атынан семинарға кітапханашы А.С. Керимованың жетекшімімен I-2 тобың студенттері қатысып, көптеген тың мағұлматтармен танысып қайтты.

Фотогалерея "Аңыз адам-ақиқат тұлға"