The medicine – is really the most noble of all arts. (Hippocrates)

There is the main medicine is the doctor in medicine. (Anthony Kempinsky)

Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік

Қолда барда алтынның қадірі болмайды жайда,
Басыңнан ұшса бақ құсы ,айналып келмейді қайта.


Тәуелсіздік -ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке. Себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. Иә, осы мерекеге орай «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты Қарағанды медицина колледжі студенттері арасында 15 желтоқсан күні әдеби - сазды кеш өтті. Мақсаты: Тәуелсіздіктің 24- жылдық мерекесіне орай шара ұйымдастыру арқылы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының маңызы жайлы, аталарымыз аңсаған тәуелсіздігіміздің мазмұнының тереңдігінен сыр шерту. Білім алушылардың тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін, өнерін дамыту. Өз елінің тарихын білуге, Отанын сүюге, ұлтаралық достыққа, ерлікке баулу, патриоттық тәрбие беру.

Кеш Құрманғазының «Сарыарқа» күйімен басталды. Мерекені жүргізушілер айтулы мерекені екі тілде құттықтап, жиналған қауымға сарқылмайтын бақыт, таусылмайтын құт береке ырыс, шаттық ашық аспан тіледі. Сөз алған колледж директоры м.ғ.кандидаты А.Н.Нұрбеков жиналған қауымды тәуелсіздіктің 24 жылдығымен құттықтап айтулы мерекенің тарихына тоқталып өтті. Тәуелсіздіктің түп тамыры Желтоқсан оқиғасына тікелей байланысты екеніне ешкім дау айта қоймас. Десек те, 1986 жылдың қайғылы желтоқсаны бір күнгі немесе бір жылғы наразылықтың көрінісі болмаса керек. Міне, осы тәуелсіздіктің туын желбіреткен ұлтжанды аға - әпкелеріміздің арқасында егеменді ел болуға қол жеткіздік. Ендеше, осындай бейбіт елде ата ана, бауырларымызбен тамаша өмір сүрейік! - деп аяқтады сөзінің соңын колледж директоры. Шара барысында тәуелсіздік жолында құрбан болған ата- баба, аға- әпкелеріміздің құрметіне 1 минут үнсіздік жариялап еске алдық.

Өткен жыл Қазақ хандығына -550 жыл толды. Өтіп бара жатқан жыл сонысымен де құнды.Қазақ хандығының негізін қалаған Керей мен Жәнібек. Студенттер «Керей мен Жәнібек хандардың қазақ елінің басын біріктіріп, тұңғыш тарих сахнасына шыққанын керемет сәтті бейнелеп кәсіби артистерше сахнаға қойылым қылып көрсеткендеріне көрермендер шын пейілдерімен риза болып ,ыстық ықыластарын білдірді. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы, қиын қыстау кезде елді тығырықтан алып шыға білген Елбасының көрегендігі мен парасаттылығы, ақылдылығының арқасында еліміз еңсесін көтеріп, әлемге таныла бастады .Жасалып жатқан іс әрекеттер, еліміздің күн санап көркеюі, әр студенттің бойына Елбасыға, Отанына деген шексіз махаббат пен ыстық сезім,мақтаныш ұялатты. Кештің арты мерекелік концертке ұласты.

Қазақ елім! туды жастық дәуірің, Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.

Тәуелсіздік құттты болсын, қымбаттым, Туған күнің құтты болсын, алыбым!-дей отырып тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік ағайын.

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы Амрина Г.С.

Фотогалерея "Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік"